Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ
0
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданының білім бөлімі" ММ (бұдан әрі - білім бөлімі) "Үздік педагог" атағын беру   конкурстың (бұдан әрі - Конкурс) I (аудандық) кезеңінін өткізілетіндігі жөнінде хабарлайды

         Конкурстын өткізілу мерзімі: 2022 жылдың 18-29 сәуір аралығында.

         Конкурс "Үздік педагог "атағын беру қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы негізінде өткізіледі.

         Конкурсқа мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады:

  • білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын;
  • конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар.

     Конкурстың І кезеңіне қатысу үшін жыл сайын Бөлімдерге білім беру ұйымдары электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдар ұсынады:

       1) "Үздік педагог "атағын беру қағидаларға (әрі қарай-Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

       2) білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс;

      3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) білім беру ұйымының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;

      6) электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;

      7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);

      8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.

     9) Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.

         Құжаттарды қабылдау  -   2022 жылдың 18 сәуірінен  22 сәуірге дейін, 2022 жылдың 22 сәуірінен  29 сәуірге дейін – аудандық комиссиямен құжаттарды қарастыру,  8 мамырға дейін   - қорытынды жариялау.

         Педагогикалық қызметтің материалдары оқу тілінде ұсынылады.

         "Үздік педагог " атағын беру қағидалары қоса беріледі.

 

Байланыс телефоны: 22260 (ұйымдастыру комитеті).