«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің №1 Құсмұрын жалпы білім беру мектебі» КММ
«Самғау» серіктес мектептері қауымдастығының аудан мектептерінің тарих және география пәні мұғалімдеріне арналған "Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін тарих, география пәндерінде тиімді пайдалану" аудандық вебинары онлайн форматта Google Meet платформасында өткізілді. Мақсаты ретінде тарих және география пәндерінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын қолданудың тиімді жолдарын ұсыну белгіленді. Аудан мектептерінен 15 мұғалім қатысты. "Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін география сабағында тиімді қолдану" тақырыбымен №1 Құсмұрын ЖББМ геогарфия пәні мұғалімі Нурсеитова С.Б., педагог-модератор, "Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін тарих сабағында тиімді қолдану" тақырыбымен Үшқарасу НОМ тарих мұғалімі Аманжолов Базарбек Мурзагалиевич, педагог-зерттеуші.
Ұсыныс ретінде картамен жұмыс жасау тапсырмаларына көп көңіл бөлу керектігі ескеріліп, оқушылардың картамен жұмыс жасау дағдысы назарға алынуы керектігі назарға алынды.
https://mk.aulekol-roo.kz/basty/novosti-kz/444-alyptastyrushy-ba-alaudy-t-rlerin-tarikh-geografiya-p-nderinde-tiimdi-pajdalanu.html#sigFreeIde2b367f513